Жетісуда 4 мыңға жуық көшет отырғызылды
Панфилов ауданында 4 мыңға тарта ағаш көшеті отырғызылып, көше аулалары тазартылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында жұмыстар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
Көктем келе өңірде тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс орталығындағы Қаратал өзенінің маңайына жүздеген қарағай көшеті отырғызылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздеген акцияға өңір тұрғындары ғана емес, арнайы сала мамандары да қатысты. Биыл Талдықорғанда 15 мыңға жуық ағаш отырғызылылады. Оның 2 мыңға жуығы осы маусымда, қалғаны күзде отырғызылмақ.
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаға қуаныш сыйлау мақсатында мыңдаған көшет егілді. Жетісу өзі де нулы өлке саналады ғой, дегенмен қазіргі экологиялық мәселерді ескере отырып, осындай игілікті жұмыстар атқарған абзал. Талдықорғанда ғана емес, бұл күні облыстың өзге өңірлерінде де осындай шаралар атқарылып жатыр. Тұрғындар да көмектесіп, бізге бірге еңбек етуде. Тазалық жұмыстары маңызды. Көктем келе қардың астындағы қоқыстар жердің бетіне шығады. Сол кезде жалпы облыс халқы бірлесе еңбек еткені жөн. Тазалық бәріміз үшін қымбат нәрсе, дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Елдос Мырзабек.
Айта кетейік, аталған акция аудандарда да өтіп жатыр. Наурызнама он күндігі аясында түрлі іс-шаралар жоспарланған. Күннің шуағы Жетісу жұртына ерекше түсіп тұр. Сондықтан халық бірлесе еңбек етуде.
Мектеп айналасына көшеттер отырғыздық. Бұл балалар үшін қуанышты сәт болды. Қыстық киімімізді тастап, бір атаның балаларында ауланы тазарттық. Көгалдандыру жұмыстары ауылдың кез келген мекемесінде де жалғасса дейміз, дейді ауыл тұрғыны Айсұлу Қосбасарова
Осы жылы облыста120 мың ағаш көшеті егіледі.