Жетісуда 300-ге жуық шетелдік жазаланды
«Талдықорғанда жалдамалы жұмыс істеген шетел азаматтарына құзырлы органдағылар тексеріс жүргізді. Нәтижесінде заңсыз еңбек еткен бірнеше азамат ұсталды», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көші-қон заңнамасына сай облыс шеңберінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылған еді. Ондағы мақсат шетел азаматтарының қайда жүргенін, не істеп құрылыс обьектілерін, базарлар жатқанын, құжаттары талапқа сай ма соны анықтау. Одан бөлек көбіне құрылыс обьектілерін, базар маңын жаңалап жүрген өзге ұлт өкілдерін, оларға жұмыс берушілердің құжатының дұрыстығына көз жеткізу. Сондықтан полиция қызметкерлері апта бойы арнайы тексеріс жүргізіп, 249 шетел азаматын жауапкершілікке тартты.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында 388 заң бұзушылық тіркелді. Соның ішінде елде болу ережелерін сақтамағаны үшін 249 шетелдік әкімшілік жаза арқалады. Соттың шешіміне сай Тәкелсіз Мемлекеттер Достастығының 17 азаматы және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 4 шетелдік елден аластатылды. Сонымен қатар, 20 азамат жеке басын куәландыратын құжаттарсыз және белгілі бір тұрғылықты жерінсіз қабылдау-тарату мекемесіне қамалды, - дейді Жетісу облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Райымбеков.
Оның айтуынша, аталған шара алдағы уақытта тағы да жалғасын табады. Қазір шетел азаматының уақтылы тіркеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауаптылыққа ел ішіндегі 116 азамат жауапкершілікке тартылған. 23 жұмыс беруші ешқандай құжатсыз өзге елдің азаматтарының еңбегін пайдаланған.
Қазір өңірде көші-қон мәселесі ушығып тұр. Сондықтан құзырлы органдар ай сайын тексеру жұмыстарын жүргізуге бейіл.