Жетісуда 216 «Сергек» жүйесі орнатылды

Соңғы жылдары жол-көлік оқиғасының көбейуіне байланысты өңірлік полиция департамент камераларды үдетуде. Облыс орталығының өзіне 14 кешен орнатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді Жетісуға келсеңіз, сізді «Сергек» интеллектуалды жүйелері қарсы алады. Жүргізушілер бұл ақша табудың амалы деп отыр. Себебі қала ішінде жүздеген камера орнатылса, Алматы-Өскемен тас жолында 20 кешен қойылған. Ал тәртіп сақшылары Сергек арқылы жолдағы оқыс оқиғалардың саны азайды дейді.

Сергек жүйесінің маңызы мол. Облыс орталығы болғандық көлік көбейіп келеді, бұл ретте бақылау жүйелі түрде болғаны жөн. «Сергек» камералары жылдамдықты шектен асыруды, жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды бірден тіркейді. Ең бастысы, заңбұзушылық оқиғалары автоматты түрде тіркеліп отырады. Одан кейін әрбір бұзушылықты уәкілетті қызметкер тексеріп, электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды. Бұл тәртіпбұзушылықты тез анықтап, кінәліні жазалауға мүмкіндік береді, - дейді ӘПБ ПД аға инспекторы Еркебұлан Досымбеков

Аталған департамент өкілдері, өңірде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүріп, көрінуі жалған нөмірмен көлік құралдарын басқару фактілері артқанын айтуда. Нөмірсіз көлік жүргізген тұлғаға 10 АЕК, ал жалған нөмірмен жаза басқан жан 5 тәулікке қамалады. Тіпті 12 ай көлік басқару құқығынан айырылады.

Осы камералар ұрлық болса таппайды, көлік ереже бұзса бірден тіркейді. Сергек болған соң қаланың тыныштығына толық жауап беруі қажет жоқ. Сонысын түсінбеймін. Сосын кейбір кезде жолақты амалсыз басып кетеміз. Осыны шешуге апараттың шамасы жетпейді. Сондықтан поиция қызметкерлеріне жүгінеміз. Олар сондай да үнсіз қалады, - дейді «Яндекс» жүргізушісі Асқар Талапов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы