Жетісуда 200-ге жуық киберқылмыс орын алған
Қаржылық пирамида жетісулықтарды да «қораға» кіргізуде. Өткен жылы 300-ге жуық өңір азаматы алаяқтарға өз еркімен ақша санап берген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Онлайн несие де оңдырмай отыр. Облыста осы күні алаяқтар 200-ге жуық киберқылмысты жүзеге асырған. Бір ғана микрозайм алудың өзі опындырып отыр. Кісі атынан осындай қаржылық ұйымдардан 17 мәрте қарыз алған. Ал, екінші деңгейлі банктерден алаяқтықпен несие рәсімдеу тіптен артқан. Осының алдын алу үшін «Amanat» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алынған еді. Бүгінде 3 мыңға тарта жетісулық бастамаға қатысып, ақша жұмсауды меңгерген екен.
Біз халықтың қаржы жұмсау сауатын ашуды мақсат етіп отырмыз Жыл аяғына дейін 5 мыңға тарта адамды осы бағытта оқыту жоаспарымызда бар. Жобаның оныншы легі аяқталып, қатысушылар сертификаттарын алды. Біз берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттырып, қолда бар қаражатқа өмір сүруге әрі қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеміз. Көбіне тұрғындар мен қатар кәсіпкерлерде сауатын шыңдап жатыр, – дейді аталған жобаның облыстағы жетекшісі Замзагүл Сламбекова.
Оның айтуынша, мемлекеттен кәсібіне пайдалы несие алуға бейіл азаматтарға да мүмкіндік берілмек. Несиенің ешқандай мақсатсыз алған азаматтарға ақыл-кеңес беріледі.
Қаржылық сауаттылық қай уақытта да өз бағасын жоғалтпайды. Қазір адамдарды қызықтыратын сан алуан дүние бар. Олардың бәріне ақшаңызды беталды шаша беретін болсаңыз үлкен мақсаттарға жете алмайсыз. Қазір ауыл тұрғындары көбіне несиенің мақсатсыз рәсімдей береді. Ертең төлерде опық жейді. Меніңше жобаның құндылығы сонда. Қарапайым халықтың табысқа деген ынтасын арттырып, оны дұрыс нәрсеге бағыттау болып табылады, – дейді жас кәсіпкер Аслан Аюпов.