Жетісуда 20 көшеге абаттандыру жұмысы қажет

Тоз-тоз шыққан аулалар мен асфалть төселмеген шағынаудандар Талдықорғанда да бар. Бәрі жөндеу жұмысын күтіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаншама жылдан бері халықтың тілек-арызы ескерілмей келген еді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен қала әкімі Ернат Бәзіл халықтың мәселесін біржақты етуге уәде берді. Мәселен «3-ші бөлімшеде» жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұндағы 20 көше кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстарынан өтеді. Жоба 2027 жылға дейін жалғасады.

Халықтың тілегі біз үшін маңызды. Бүгінде 3 көшеде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстарды атқарып жатқан мердігер компания өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылаған облыс басшысы Бейбіт Исабаев жоспарланған жұмыс көлемін берілген мерзімінде аяқтауды міндеттеді. Бұл іс менің де қадағалауымда болады. Одан бөлек көптен бері айтылып келе жатқан Жақсыгелдинов көшесінің жөндеу жұмыстары тәмамдалды. Қазір көшеге жаңа асфальт төселген. Былтыр жарықтандыру орнатылды. Көгілдір отында қосылды,- дейді Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл.

Облыс құрылғаннан бері ондаған көше жөнделіп, өңірдегі тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысына көп көңіл бөлінді. Алдағы 2 жылда да облыс орталығын абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүреді.

Биыл 10-ға тарта көшені күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазір соларды біртіндеп іске асырып жатырмыз,- дейді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

Осы күні «Көктал» мен «Шығыс» шағын аудандарында қызу жұмыстар жүріп жатыр. Халық көптен күткен тілегінің орындалғанына ерекше риза.

Ауданды айтпағанда облыс орталығындағы көшелердің ескергенін ел біледі. Сосын байырғы аудандарға көңіл бөлінбей, жаңаларына жағдай жасалды,- дейді қала тұрғыны, зейнеткер Шынберген Таласбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы