Жетісуда 1797 қару иесі тексерілген
Жетісуда қылмыс түрлері азаймай тұр. Тәртіп сақшылары 27707 үй жайларды тексерген. 2 306 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кәмелетке толмаған жүздеген бала ішімдікпен ұсталған
Өңірді кішкентай дегенімізбен, ауылдық жер болған соң түрлі ұсақ қылмыстар көбірек кездеседі. Әсіресе тез баюды ойлаған жастар жағы әр түрлі теріс әрекеттерге баруы мүмкін. Әрине оның артында заңның кісені тұрғаны белгілі. Одан айналып кете алмайды. Мал ұрлығы, көлік ұрлығы, кісі тонау, алаяқтық, қасақана кісі өлтіру фактілері азаймай тұр. Қазір аудан ауылдар да бейнекамералар көбірек қойылғанымен бәрібір қылмыстың алдын алар емес. Қылмыскер заңсыз ақша табудың түріл амалын табады. Оны Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайсар Мұхматов айтып берді.
ҚР ІІМ-нің 12.09.2024 жылғы №1-3365/1-5-5-2-40/4873-и нұсқауын орындау мақсатында, 2024 жылы 16 қыркүйегі мен 01 қараша аралығында облыс аумағында республикалық «Учаске» ЖПІШ өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты, учаскелік полиция инспекторларының халыққа танымалдылығын арттыру, халықпен бірлесе отырып қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ІІО-ның есебінде тұрған адамдармен профилактикалық жұмысты жүргізу болып табылады.Өткен аптада барлығы 27 707 үй жайларды тексеру жүргізілді, оның ішінде 4 281 пәтер, 23 426 жеке үй үйлері. Барлығы 518 саяжай тексерілді.Тұрғын үй алқабын аралау барысында 43 жалдамалы пәтерлер анықталды. Нақтылап айтсақ, Талдықорған-30, Текелі-6 қалалары және Қаратал ауданы -7 үй белгілі болды, - дейді Қ.Мұхматов.
Оның айтуынша, жалпы ЖПІШ 7 күнінде барлығы 628 шаруа қожалықтары тексерген. Тексеру пайызы 25,1% құрайды. Базарлармен басқа да сауда орталықтарында 123 рейдттік іс-шаралар өткізіліпті. ЖПІШ өткізу кезінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 6 адам ұсталған.
Жалдамалы пәтерлерде тұратын шетелдік жұмысшылар жетеді. Оны тексеріп,анықтаған жөн. Қалада 3-4 үйі барлар көп. Олар пәтерін жалға беріп кәсіп ретінде қарастырып қойған. Студентер де тұрады. Мемлекеттен ипотека арқылы алған үйді жалға беріп, несиесін төлейтінде де жетіп артылады. Осыларға заң аясында құрық салу қажет. Себебі пәтерді жалдап тұрған жастар түнде ішімдік ішіп, үйдің берекесін алады. Оны көршілері де біледі. Сонықтан осы салаға рэйд жүргізу керек. Қазір жастар алкогольге құмартып барады. Қызық үшін ішетіндері де көп,- дейді қала тұрғыны Ардақ Белгібаев.
Ішімдік дегеннен шығады, полиция департаментінің мәліметінше 162 кәмелетке толмаған балалар ұсталған.Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкен және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін – 4 бала анықталған. Оның бәрі облыс орталығында құрықталған. Одан бөлек заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болғаны үшін – 10 бала анықталған. Түстеп көрсетсек, Талдықорған қаласынан – 5, Панфилов ауданына – 3, Алакөл ауданы мен Көксу ауданында да кездеседі.
Балаға ата-ана жауапты, олар кәмілетке толмағандықтан өз еркімен түнде көшеге шығуға болмайды. Ол қылмыстарға барса заңнның аясында жазаланады. Оған ата-аналары да жауапқа тартылады. Мәселен қаңғыбастық үшін – 8 бала ұсталды. Оның 6 облыс орталығында тұрса, қалағаны жақын Көсу ауданында тұрады. Ал қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін - 140 бала тірелді. Мәселен, алыстағы Панфилов ауданында – 62 бала анықталып отыр. Талдықорған ұаласында - 33, Қаратал ауданында – 18, Алакөл ауданында -17, Көксу ауданында -10 бала анықталды. Бұлардың бәріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарына ескерту жасалды. Жазаланғандары да бар, - дейді басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайсар Мұхматов.
Қару мәселесі қатаң бақылауда
Қаңтар оқиғасынан кейін қару мәселесі қатаң бақылауға алынғаны белгілі. Аңшылықпен айналысатын азаматтар заңнның аясында ғана әрекет етуі шарт. Оларға арнайы тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Мәселен тұрғылықты жері бойынша қару сақтау ережелері мен қайта тіркеу мерзімдерінің өтуі тәртібі тұрғысынан 1 797 қару иесі немесе 15,3 % тексерілген. Оларда арнайы қару қоятын сейф болуы шарт. Одан бөлек балалар тұратын бөлмеде, қолы жетпейтін жерге орналастырғаны жөн. Міндетті түрде тіркеуде болуы керек. Осындай заңнамаларды сақтаған тұрғындар міндетті түрде әкімшілік жазаға тартылады.
Тексеру барысында 23 құқық бұзушылық дерегі анықталды. Нақтылап айтсақ, қаруды сақтау ережесі бұзған үшін 18 тұрғын жазаланды. Атап айтсақ, Сарқан ауданында – 7, Талдықорған қаласында – 6, Қаратал ауданында – 2, Кербұлақ ауданында, Көксу ауданында және Ескелді аудандарында 1-ден анықталды. Ал қаруды қайта тіркеу ережесін бұзғаны үшін – 5 жағдай белгілі болды. Талдықорған қаласында – 4, Ескелді ауданында -1 тұрғын айыппұл арқалады. Қаруға өте сақ болуы керек. Құжаттарын түгендеп отыруда шарт, - дейді Қ.Мұхматов.
Жалпы өңір бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін 2 306 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 73-бап бойынша, яки отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге барған үшін 30 адам жазаланған. Ал 127-бап бойынша, яки кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, онын құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін 49 адам қылмысқа тартылған.
Отбасындағы зорлық-зомбылық ауылдық жерлерде жиі кездеседі. Жетісу аграрлы өңір болған соң халықтың көбі ауылдық жерлерге шоғырланған. Сондықтан елді мекендерде түрлі жағдайлар кездеседі. Әйел адамға қол көтеретін ер азаматтар көбейді. Заңның аясында түрлі шаралар қолға алынғанымен, бұл жағдай азаймай тұр. Қазір өңірде ажырасуға асық жастардың тіпті ұзақ жылдар отасқан отбасылардың саны артқан. Өкінішке қарай, бізде отбасылық институт құлдырап барады. Бәрі бірден заңға жүгінеді, - дейді ардагер Алтынбай Жағыпаров
Облыста бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғалары да артқан. Жастардың жағымсыз жағдайдарға жиі барататыны қоғамның талқысына түсіп отыр. Сол ұшін өңірде арнайы менторлық жоба қолға алынған. Қазір біртінеп нәтиже беруде. Электронды шылым шегу мектеп кезінен бастау алып отыр. Оны тоқтату үшін арнайы дәріс сабақтары өткізіліп, білім ордаларында тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мысалы 147-1 бап бойынша бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру – 8. 196-бап бойынша тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау – 1, 434-бап бойынша ұсақ бұзақылық – 15,434-2-бап бойынша ортақ пайдаланатын орындарды ластау – 80, 461-бап бойынша қорғау нұсқамасын бұзу – 4, 440-бап бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 116, 492-бап бойынша Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру – 619, 480-бап бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын бұзу – 1, 493-бап бойынша (тұрғын үй меншік иесінің немесе қарамағында тұрғын үйлер, ғимараттар немесе үй-жайлар бар басқа адамдардың, өздерінде нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі – 11, 517-бап бойынша шетел азаматының Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы – 43, 518-бап бойынша жеке және заңды тұлғалардың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы - 56 және өзге де құқық бұзушылықтар – 1 353 факт тірелген. Бұлардың бәрі заңнның аясында жазаланады, - дейді полиция полковнигі Қайсар Мұхматов.
Бүгінде құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларының алдын алу мақсатында, учаскелік полиция инспекторларымен 40 ұсыным шығарылған. Атап айтсақ, Талдықорған – 29, Ақсу – 5, Текелі – 1, Сарқан – 4, Көксу-1 ұсыным қаралған. Барлығы саусақ іздерімен ІІО есебіне – 166 адам алынып, фото-бейне есепке қойылған.