Жетісу сотына 55 мыңға жуық іс келіп түскен

Оның 30 мыңға жуығы қазақ тілінде қаралса, қалғаны орыс тілінде жүргізілген. Бүгінде өңірде маман жетіспеушілігі байқалады. Қазіргі уақытта департаментте 264 маман жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті соңғы алты айда атқарған жұмыстарына қорытынды жасады. Өңір жаңадан құрылғалы аталған департамент мыңдаған істі қараған. Басым бөлігі қазақ тілінде жүргізіліпті. Кіріс құжаттарына 54 743 іс, шығыс құжаттарына ана тілімізде 40 845 іс, ішкі құжаттарға 3817 іс түскен екен.

Өңірлік соттың электронды сервисі жақсы дамыған. Біз әрбір тұрғынға заң алдында адал әрі нақты қызмет көрсетуге дайынбыз. Сот кабинеті еліміздегі кез келген азаматқа ашық. Электронды сервис арқылы сот үдерісінің уақытын анықтай алады. Үйде отырып-ақ сот қорытындысын ала алады. Мысалы қаңтар айынан бастап «Сот кабинеті» сервисі аясында 7 мыңға жуық талап арыздар жолданған. Оларды мамандар мұқият қарап, қорытындысын шығарады», дейді департамент басшысы Болат Жүкенов.

Бүгінде аталған департамент толық құрамда емес. Мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Мәселен, судьялар мен сот әкімшілігінің жалпы штат саны 264-ті құрайды. Оның 15-і өңірлік, 60-ы аудандық сот судьялары саналады. Ал 189-ы мемлекеттік қызметшілер қатарында балса, 145-і аудандық сот мамандары есептеледі. Сотқа қабылдану үшін Жоғары оу орындарының түлектерінің ЖПИ-і жоғары болуы шарт. Әйтпесе құзырлы органда қызмет ете алмайды.

Қазір өңірдегі маман тапшылығын азайту үшін судья лауазымына арнайы конкурс ұйымдастырылмақ. Сол арқылы білікті мамандарды саралап, қызметке алады. Ол үшін сала маманы қажетті құжаттарды толтырып, арнайы сынақтан өтуі міндет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы