Жетісу қаңғыбас иттен қашан құтылады?

Былтыр өңірде 12 933 қаңғыбас ит пен 134 мысық ауланған. Тіпті жауапты мамандар тұрғындарға 739 815 мың теңге айыппұл да салған. Бірақ үй жануарларына зиян шеккен балалар азамай тұр, деп хабарлайды Жетісудағы BAQ.KZ тілшісі.

317 жануардың иелері анықталған жоқ

Біз бұл тақырыпты былтыр да қозғағанбыз. Дегенмен облыстық ветеринария басқармасы әлі де қаңғыбас иттердің азаймай тұрғанын жеткізді. Мәселен, жетісулықтар Талдықорған қаласына қарасты Ынтымақ, Мойнақ, Еңбек елді мекендерінде бұралқы иттердің көптен кездесетінін айтуда. Олар облыс орталығында топталып жүретінін, кісіге шабатынын байқаған. Тіпті, оқуға бара жатқан балаларға соңынан қуалаған жайттар да кездескен. Сондықтан өңірде қаңғыбас иттердің қаптауы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Күн өткен сайын әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-шағымдары жазылған жазбалары көптеп кездеседі. Тұрғындардың қауіпсіздігін кім жауап береді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Осы сауалдар тұрғындарды жиі мазалауда. Бұған облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Дархан Әбілбаев жауап берді.

Былтырдың өзінде денсаулық сақтау мекемелеріне үй жануарларының адамға ұмтылуна байланысты 900-ға жуық шұғыл хабарлама келген. Оның ішінде балалар да бар. Ауылдық округтердің мал дәрігерлері 502 үй жануарларын клиникалық бақылауға алып, қорытындысы бойынша иелеріне 474 анықтама берді. Қалған 317 жануардын иелері анықталған жоқ. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында былтыр Ішкі істер басқармасының қызметкерлері 31 адамға ескерту жасап, 136 азамат 739 815 мың теңге айыппұл салынды, - деді Әбілбаев.

Алдыңғы жылы да он мыңнан астам ит пен мысық ауланса, былтыр 13 мыңға таяу қаңғыбас ит пен 200-ге тарта мысық ұсталған. Оның ішінде 850-ге жуық үй жануарлары иесіне қайтарылып, қорғау ұйымдарының қолына өткен. 1500-ге жуық ит пен мысық кастрацияланса, 606-сы залалсыздандырылып, микрочиптелген екен. Ал 10 мыңнан астамы ізгілік жолмен өлтірілген.

Жалпы, осы мәселе турасында халықтың талабымен №97 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы күшіне енгені белгілі. Сол заңның шеңберінде өткен жылы облыстық бюджеттен 170 миллион теңге қарастырылған. Ол қаржы төрт бағытқа жұмсалады. Атап айтсақ, «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жансыздандыру», «Қаңғыбас және қаңғыбас жануарларды уақытша орналастыру жұмыстарын жүргізу», «Қараусыз және қаңғыбас жануаларды сәйкесендіру», «Қаңғыбас жануарларды егу және залалсыздандыру». Бұл бағдарламаларына биыл да жүзеге асады. Себебі, ит пен мысықтан келетін қауіп өз алдына, әр түрлі вирусты аурулар таралуы ғажап емес. Сондықтан облыс тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп тұруы маңызды. Биыл осы ретте қосымша 172,4 миллион теңге бөлінген.

Талдықорған маңайында елді мекендер көп. Көбі жер үйлер, сондықтан жуынды іздеген иттер көп жүреді. Аурухана көп жағдайда ауылдық жерлерден келеді. Иттің тістегені бала үшін өте зиян. Тісі арқылы әр түрлі микроптар терге түсу мүмкін. Кейде бала көтере де алмай қалады. Сондықтан барынша сақ болғаны абзал. Бұл жерде ата-ананың жауапкершілігі де жатыр, - дейді балалар дәрігер Ертай Ерболғанов.

Жыл басынан 703 бұралқы ит ауланды

Биылға бөлінген 172,4 миллион теңге бәрі қаңғыбас иттерді құрықтауға жұмсалмайды. Жақында конкурс ұйымдастырылып, оның 98,6 миллон теңгесін ұтып алған мердігерлер анықталған. Абырой болғанда, былтыр облыста құтырған иттер тіркелмеді. Жалпы қаңғыбас жануарларды аулау, чиптеу, вакцинациялау және залалсыздандыру мәселелері бойынша облыс тұрғындары Жетісу облыстық ветеринария басқармасының және ауылдық әкімдіктердің ресми сайттарына хабарласуға мүмкіндігі бар.

Ауылдық жерде иттің көп болатын әдеті. Тамақ қалдықтарын қоқысқа тастау обал, сондықтан ит асырайды. Оның үстіне үй күзетіні де көмегі мол. Дегенмен қалаға ұйығып кіріп кетеді. Былтыр оқушылар сарайынан алдында балаларды қауіп ала жаздағанына куә болғанбыз. Қалаға итті жолатпау қажет. Сабаққа баратын кішкентай балаларды қауіп алуы мүмкін. Мен мұны қала әкімінің жиынында да өтерген едім. Дегенмен қаңғыбас иттер азаймай тұр. Ең құрымаған қарғыбауы болса дұрыс еді. Ит тістегенде бұрынғыдай емес, оңайлықпен жазылмайды, - дейді қала тұрғыны Елена Абдыхалықова.

Бүгінде аудан, қалаларда ит ұстау орындарын салуға қажет жер телімдері бөлінуде. Қазір аталған басқарма қызметкерлері осы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындауда. Ал «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын орындау мақсатында аудан, қала аумақтарында жыл басынан бері жалпы 703 бұралқы ит ауланып, көзі жойылған екен.

Ветеринария саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында 23 модульдік ветеринарлық пункт салынып, 14 автокөлік, 70 компьютер жиынтығы, 70 принтер, 121 планшет және арнайы трактор сатып алу жоспарланып отры. Бұл істі ілгерлету ксептігін тигізеді. Ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар, жан-жануарлар арасында инфекциялық және инвизиялық аурулардың талауына жол бермеу, вакциналау бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру, ит пен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау және жою қағидаларын сақтау мәселелері қолға алынуда, - дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрлан Жамаубаев

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы