Жетісу полицейлері жүгіріп жарысты

Облыс орталығында «Полиция күніне» орай өңірлік полиция департаментінің қызметкерлері арасында марафон өтті. Олар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елдің тыныштығын күзеткен тәртіп сақшылары меншікті мерекелеріне орай түрлі іс-шара ұйымдастырып, департаментінің қызметкерлері өзара спорт сайыстарына қатысты. Мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға шақыру. Ааталған департамент бастығы Сарқытбай Құсаинов бастаған жігіттер марафонда күш-жігерін көрсетті.

Жетісу полиция қызметкерлері қашанда спортқа серік болуы арт. Біздің жұмыс үнемі формада жүруді талап етеді. Сондықтан жігіттердің кез келген жағдайда сақ әрі белсенді болғаны маңызды. Бүгін мерекеге орай осындай марафон ұйымдастырылды. Біз өзара мықтыны анықтап, тәртіп сақшыларының бәсекеге қабілетті екеніні дәлелдедік. Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып жүрген департамент қызметкерлеріне алғыс айтамын, - деді С.Құсаинов.

Аталған марафонға өңірдің бас полицейі және оның орынбасарлары, полиция департаменті басқармаларының басшылары, Талдықорған ҚПБ қызметкерлері және ЖҚАЖ жауынгерлері қатысты. Олар бірлесе жұмыс істеп, марафонның әсерлі өтуіне атсалысты.

Ведомство басшылары өзімізді үлгі ретінде жас қызметкерлерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсеткіміз келді. Себебі дене шынықтыру мен спорттың рөлі біздің мамандығымызда өте маңызды. Қазір түрлі сайыстарға түскен жігіттер ертең елдің тынытығына жауап береді. Сол үшін де олардың жоғары нәтиже көрсеткені біз үшін есепті дүние, - ПД бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов.

Қазір өңірде бұрынғымен салыстырғанда қылмыс деңгейі төмендеп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы