18 Мамыр 2025 2025, 21:28 Фото: ҚТЖ

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік пойызбен соқтығысты

Жетісу облысында пойызбен соқтығысқан жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында пойызбен соқтығысқан жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға бүгін Ақсу ауданындағы теміржол өткелінде болды.

18 мамыр күні сағат 17:35 шамасында Матай станциясындағы теміржол өткелінде Mitsubishi Pajero маркалы жеңіл автокөлік жүк пойызымен соқтығысты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жүргізушінің жеке басы анықталу үстінде.

Оқиға себебі — автокөлік жүргізушісінің жол жүру ережелерін бұзуы, - деп нақтылады компания өкілдері.