Жетісу облысында жол апатында 4 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

«Талдықорған – Текелі» автожолында төрт автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Ауруханаға жеткізілген жол апатына қатысушылардың біреуі көрсетілген медициналық көмекке қарамастан қайтыс болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Mercedes маркалы автокөліктің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлады Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы маңында жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы