Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ полицияға сілтеме жасап.

Сарыөзек-Жаркент тасжолының 323-шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктері бір-біріне соғылды.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт тізгіндеген.

Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ бесеуі оқиға орнынан жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілерінен жол ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы