Жетісу облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Оқыс жағдай «Алматы-Өскемен» тасжолының Көксу ауданы аумағында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға кезінде бақилық болған 3 жолаушының барлығы әйел адамдар болған. Белгілі болған дерек бойынша «Тойота Камри» мен «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктері соғылған. Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, соңы апатты жағдайға әкелгенін мәлімдеді. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көлік салонындағы үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған ПД-нің ақпаратында. 

Айта кетейік, полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Өзгелердің жаңалығы