19 Сәуір 2026, 23:11
Фото: Скриншот
Жетісу облысында жол апаты салдарынан ер адам көлікте қысылып қалған
Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтылануда.
Жетісу облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте қысылып қалған адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға бүгін Талдықорған қаласында Алматы – Өскемен автожолының 277-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі автокөлік соқтығысқан.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы шұғыл жетіп, арнайы гидравликалық құралдардың көмегімен көлікте қысылып қалған зардап шегушіні шығарып алды.
Құтқарылған ер адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтылануда.
- Қазақстанның темір жолдарына жасанды интеллект енгізіледі 11:38
- 1 шілдеге дейін жаңартылған 30 вокзал ашылады 11:21
- Шымкентте 750 млн теңгелік жоба тоқтап қалған: Прокуратура мәселені шешті 10:43
- Алматыда оқушы көбейіп, мектеп жетпей жатыр: Ең қиын жағдай қай ауданда? 10:10
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54