27 Қыркүйек 2026, 17:50 Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында жетуі қиын аумақтағы ірі өрт сөндіріліп жатыр

Өртті сөндіруге 40-қа жуық адам мен 12 техника жұмылдырылды.

Жетісу облысының Алакөл ауданында Бесағаш ауылынан шамамен 35 шақырым жердегі батпақты аумақта қамыс өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге аумақтың жетуі қиын болуы және қалың өскен қамыс кедергі келтіріп жатыр.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы және орман шаруашылығының шамамен 40 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ «Қазавиаспас» тікұшағы тартылды. Әуеден жалпы көлемі 27 тонна болатын тоғыз рет су төгілді.