Бүгiн 2026, 09:52
Фото: istockphoto.com
Жетісу облысында жер сілкінді
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 балға жеткен.
Сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Жаркент маңында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4-ті құрады. Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет тіркелмеген.