Бүгiн 2026, 14:35 Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында жер сілкінді

Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

2026 жылғы 1 маусымда Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы мәлім етті. 

ҚР ҰДО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымда Астана уақытымен сағат 10:56-да Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 44,65 градусы, шығыс бойлықтың 79,10 градусы. Магнитудасы mb=3.8. Энергетикалық класы K=9.0”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелген болатын.