Жетісу облысында жер сілкінді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Жетісу облысының аумағында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 маусым күні Астана уақытымен 08:06-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде, Жетісу облысының аумағында орналасқан, - делінген ақпаратта.
Жер сілкінісінің сезілгені туралы мәліметтер түскен жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе дүмпулер туралы ресми хабарланбаған.
Еске сала кетейік, бұл өңірде, яғни Жетісу облысы аумағында 29 мамыр күні де жер сілкінген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қоқыстан бөтелкеге дейін": Пластикті жоюдың дұрыс жолы қандай
Өзгелердің жаңалығы