Жетісу облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Алматы – Өскемен тас жолында Mazda көлігі қаққан 53 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол-көлік оқиғасы 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған. Жетісу облысы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, жаяу жүргіншіні 45 жастағы әйел көлігімен қағып кеткен.

Ер адам алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы