24 Қараша 2026, 07:49
Фото: Скриншот
Жетісу облысында заңсыз аңшылықтың алдын алу үшін әуе рейді жүргізілді
Тексеру нәтижесінде заңсыз аң аулау және өзге де табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректері анықталған жоқ.
Жетісу облысында табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында тікұшақпен рейд ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК Талдықорған авиабөлімінің қызметкерлері қатысты.
Әуе рейді барысында заңсыз аңшылықтың алдын алу, жабайы жануарларды қорғау және табиғат қорғау заңнамасы талаптарының орындалуы бақыланды.
Тексеру нәтижесінде заңсыз аң аулау және өзге де табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректері анықталған жоқ. Мамандар мұндай рейдтер жабайы табиғатты қорғау мақсатында алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін мәлімдеді.