Жетісу облысында велосипед ұрлығына қатысы бар ер адам ұсталды
Полиция азаматтарды өз мүлкінің сақталуына мұқият қарауға шақырады.
Тексеру барысында оның жеке басы анықталып, әрі қарай мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өңірдің 61 жастағы тұрғыны ортақ пайдаланылатын орындарда қараусыз қалдырылған велосипедтерді ұрлаған.
Қазіргі уақытта оның кемінде үш ұрлық дерегіне қатысы бары анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын 168 мың теңгеден асты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың өңір аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Полиция азаматтарды өз мүлкінің сақталуына мұқият қарауға шақырады. Велосипедтерді жабық орындарда сақтау немесе міндетті түрде сенімді ұрлыққа қарсы құрылғылармен бекіту қажет. Сондай-ақ оларды кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында және көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз қалдырмаған жөн. Күдікті адамдарды, сондай-ақ заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді байқасаңыздар, бұл туралы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз.