Жетісу облысында үш ауысымды мектеп жоқ - әкім
Жетісу облысында мектеп тапшылығы жоқ. Бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Брифинг барысында журналист әкімге "Өңірде оқушы орындарының жетіспеушілігі бар ма? Бар болса, қалай шешіліп жатыр?" деп сұрақ қойды.
Біздің облысымызда 315 мектеп бар. Өңірде 3 аусымда оқитын мектеп пен апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. Тек бейімделген 41 мектеп бар. Сондықтан оқушылардың орны жетіспейді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бірақ бейімделген мектептерді келесі жылы 4 мектеп салуды көздеп отырмыз. Биылдың өзін де 3 мектеп салынды. Заңсыз сыртқа шығарылған ақшалардың есебінен 2 мектеп салдық. Меніңше, алдағы екі жылда өңірдегі бейімделген мектептерді стандартқа сай мектептерге жеткізуіміз керек, - деді Исабаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада қар күреу жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы тартылды
Келесі жаңалық
Браконьерлерден мың метрден астам тор тәркіленді
Өзгелердің жаңалығы