Жетісу облысында төрт ауыл газға қосылды
Жетісу облысындағы 4 ауыл табиғи газға қосылды. Енді жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын көгілдір отынның игілігін Бастөбе, Достық, Қанабек және Жаңаталап ауылдарының тұрғындары көреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы жыл соңына дейін тағы 126 елді мекендегі 500 мыңнан астам адамның үйін газдандыру жоспарланып отыр. Осылайша келер жылдың соңына таман өңірді көгілдір отынға қосу деңгейін 72 пайызға жеткізу көзделген.
Біз де тағы да ірі жоба биыл басталып жатыр. Ол Талдықорған - Үшарал деген 302 шақырым газ құбырын саламыз, магистральді. 2028 жылдың соңына дейін біз оны салуымыз керек, - дейді Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы