Жетісу облысында Сенат депутаттарының сайлауы өтті
Онда өңірден 2 адам кандидат ретінде тіркелген. Олар сенат депутаты Амангелді Толамисов пен Жетісу облысының әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, деп хабарлайды BAQ.KZ Egemen.kz сілтеме жасап.
Жалпы, сайлауға аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардан 148 депутаттың 132-сі қатысты.
Халық қалаулыларының таңдауы бойынша басым дауысқа Амангелді Толамисов ие болды. Оған халық қалаулыларының 100-і сенім білдірген. Ал, Ғабит Тұрсынбайға 29 депутат дауыс берді. Қалған 3 депутаттың 2-уі «барлығына қарсымын» деп таңдау жасаса, біреуінің бюллетені жарамсыз деп танылған.
Амангелді Толамисов Жетісу облысынан ҚР Парламенті сенатына 6 жылға сайланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қатты аяз: Түркістанда облысында -25 градусқа дейін аяз болады
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы