Жетісу облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылды
Жетісу облысында статистикалық есептерде мал санын өтірік көбейтіп көрсетіп, жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісін бұрмалаған сегіз ауыл әкімі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 8 әкімі тіркеулер мен статистикалық деректерді бұрмалағаны үшін ҚР ӘҚБтК 499-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Олар статистикалық есептерде жеке сектордағы шаруа қожалықтарының мал санын жасанды түрде арттырған. Нәтижесінде 75 мың гектарға жайылымдық жерлерге деген қажеттіліктің нақты көрінісі бұрмаланған, - делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау шегінде аудан әкімдігі жайылымдарды басқару жөніндегі бұрын бекітілген жоспарды қайта қарау бойынша жұмысын бастағаны нақтыланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Париж олимпиадасына дайындық бойынша кеңейтілген отырыс өтті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы