30 Шілде 2026, 22:53
Фото: BAQ.KZ архиві
Жетісу облысында республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі уақытша жабылады
Жолды 2026 жылғы 31 шілде сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жетісу облысында республикалық маңызы бар KZ 05-02 «Көктал – Жаркент – Қорғас» автожолының 313–319 шақырым аралығында (Үшарал ауылының бұрылысынан Диханқайрат ауылына дейінгі учаске) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті.
Шектеу 2026 жылғы 30 шілде сағат 21:45-тен бастап су өткізу құрылыстарында анықталған ақауларды жою жұмыстарына байланысты енгізілмек.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде көлік қозғалысы «Жаркент – Шулақай – Алматы – Шелек – Қорғас» бағыты бойынша ұйымдастырылады.
Жолды 2026 жылғы 31 шілде сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.