Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген гүл тамырларын жұлған адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысындағы Сарқан шатқалы аумағында шекарашылар күдікті көлікті тоқтатып, одан жойылып кету қаупі бар өсімдік түрінің ондаған тамырын тапты. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

13 маусымда мемлекеттік шекараны күзету қызметі барысында Жетісу облысы Сарқан ауданының Сарқан шатқалы ауданында Қазақстан Республикасы азаматының басқаруындағы «Ауди» автомашинасы тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде 33 дана Қызыл кітапқа енген бозғылт гүлді рябчик өсімдігінің тамыры табылды, - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы