30 Тамыз 2024 2024, 05:34 Фото: архив

Жетісу облысында құтқарушылар құмға батып қалғандарға көмектесті

Жетісу облысында құтқарушылар адамдармен құмға батып қалған автокөлікті эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында құтқарушылар адамдармен құмға батып қалған автокөлікті эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

112 қызметіне Сарқан ауданының Лепсі ауылында адамдармен көлік құмға батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты.

ТЖМ күштерімен автокөлік негізгі жолға эвакуацияланды. Жеңіл көліктегі үш адам, медициналық көмекке мұқтаж болмады, - деп хабарлады ТЖМ құтқарушылары.