Жетісу облысында қараусыз қалған үйге жасырынған қылмыстық топ ұсталды
Жетісу облысында ұзақ уақыт бойы ірі қара мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел тергеу іс-шаралары барысында қаскөйлердің бір шаруа қожалығының аумағынан 43 бас ірі қара мал ұрлағаны анықталды.
Үш ер адам қараусыз қалған үйде ұсталды. Тәртіп сақшылары сол жерден 28 бас малды, 15 малдың сойылған және бөлшектелген бөліктерін, сондай-ақ 6 пышақ пен 3 кесінді арқанды тапты. Бұл заттардың бәрі қылмыстық әрекетте қолданылған, - деп жазылған хабарламада.
Ұсталған үш адам қамауға алынды. Тағы үш күдіктіге қатысты жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында қос өзен мен Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Келесі жаңалық
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз
Өзгелердің жаңалығы