Жетісу облысында қар көшкіні жүруі, аулаларды қызыл су басуы мүмкін екені ескертілді
«Қазгидромет» РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Жетісу облысында ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, бұрқасын жел болады, тұман түседі деп күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осыған байланысты, Жетісу облысының ТЖД баспасөз қызметі ескерту жариялады.
Төтеншеліктер мыналарды ескертеді:
- су айдындарында мұз қабаты жұқарып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал;
- таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін;
- елдімекендерде жауын-шашынның түсуі, қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын су басуы мүмкін.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға тағы мыналар ескертіледі:
- үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізетін арнаны уақытылы тазарту;
- балаларды су айдындарына бақылаусыз жібермеу, мұзда, тік және шайылған жағалауларда болу қаупі туралы ескерту;
- қарлы тау беткейлеріне шықпау;
- ауа-райының өзгеруін қадағау және "112" дауылды ескертуі хабарламасын алған кезде, елдімекендерден тыс жерлерге сапарламау ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы