Жетісу облысында полицейлер пара алған сәтте ұсталды

2 желтоқсан күні ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Достық полиция бөлімшесінің басшысын және Алакөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, олар шамамен 6 миллион теңге көлемінде пара алған сәтінде қолға түскен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы