Жетісу облысында мас жүргізуші екі көлікті қағып кетті

Балпық би ауылында 16 қыркүйектен 17 қыркүйекке қараған түні үш көліктің – Камаз, Опель Вектор және Тойота Камридің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі адам ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта Көксу ауданының ауруханасына жатқызылды.

Анықталғандай, жол-көлік оиғасына кінәлі 31 жастағы Камаз жүк көлігінің жүргізушісі болып шықты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Ер адам ұсталып, Көксу ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы