Жетісу облысында көпбалалы ана өзіне қол жұмсады

Жетісу облысында көпбалалы ана өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, төрт баланың анасы белгісіз себептерге байланысты дәрі ішіп қойған. Бір күннен кейін ол облыстық ауруханада көз жұмды.

Жетісу облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

Өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп түсіндірді полицейлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы