26 Желтоқсан 2025 2025, 22:25 Фото: freepik

Жетісу облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Жетісу облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 желтоқсан сағат 22:00-ден бастап «Сарыөзек – Көктал» автожолының 40–68 шақырым аралығы (Алтын Емел асуы) барлық көлік түрлері үшін жабылады, - делінген хабарламада.

Жол қозғалысын 27 желтоқсан сағат 08:00-де қалпына келтіру жоспарланып отыр.