Кеше 2026, 22:23 Фото: freepik

Жетісу облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Жол қозғалысын 2026 жылғы 3 наурыз сағат 00:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жетісу облысындағы республикалық автожолдарда  ауа райына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 2 наурыз сағат 21:15-тен бастап республикалық маңызы бар «Алматы – Талдыкорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 213-234 шақырым аралығында (Мұқры өткелі – Жамбыл ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Аталған жол учаскесі Жетісу облысы аумағында орналасқан.

Жол қозғалысын 2026 жылғы 3 наурыз сағат 00:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы болжамын және жолдағы ахуалды ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.