Жетісу облысында көлік апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
Достық стансасы маңында жол талғамайтын көлік аударылып, ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде Toyota Land Cruiser апатқа ұшыраған жерде түсірілген видео жарияланды. Онда апаттан екі адамның қаза тапқаны айтылады.
Бұл фактіні полиция растап, 2 тамызда Алакөл ауданында жол апаты болғанын хабарлады. Жол талғамайтын көліктің ішінде үш адамнан тұратын отбасы болған. Көлікті «Үшарал – Достық» тас жолының 169-шақырымында аударып алған 47 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан.
Жүргізуші мен оның 43 жастағы әйелі қаза болды. 11 жастағы бала зардап шекті, ол түрлі жарақатпен Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында 1-сыныпқа түсу үшін 17 мың өтініш қабылданды
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы