Жетісу облысында фермер субсидия қаржысын казиноға жұмсаған
Жетісу облысында фермерді жалған құжаттар арқылы субсидия жымқырды деп айыптауда. Ол мемлекеттен заңсыз алған дотацияның бір бөлігін казиноға құмар ойындарға жұмсаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жетісу облысында фермерді жалған құжаттар арқылы субсидия жымқырды деп айыптауда. Ол мемлекеттен заңсыз алған дотацияның бір бөлігін казиноға құмар ойындарға жұмсаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қазір бұл дерек бойынша Жетісу облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Күдікті, ЖШС басшысы бола тұра, екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекеттік «Ауыл шаруашылығы басқармасынан» сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз алып отырған. Жалпы залал 300 млн теңгеден асты. Шығынды растау үшін АШБ-ға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алды деген жалған есеп-қисап құжаттары және май өндіргені туралы шындыққа жанаспайтын мәліметтер тапсырылған. Сонымен қатар заңсыз алынған субсидияның бір бөлігі – 110 млн теңге мөлшерінде күдікті тарапынан казиноға құмар ойындарға жұмсалған, – делінген ведомство хабарламасында.
Сот санкциясымен құны 300 млн теңгеден асатын зауытқа тыйым салынды.
Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үй қамағы таңдалды.
Тергеу жалғасуда.
- «Таудағы қоқысты кім жинайды?»: Экобелсенді туристердің жауапсыздығын сынға алды 11:31
- Қазақстанда цифрлық активтерден түскен табысты салықтан босату ұсынылды 11:17
- Тоқаев Hyundai басшысымен кездесті: Қазақстанда автокөлік өндірісінің жаңа кезеңі басталмақ 11:03
- Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр 10:54
- Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды 10:50
- Тоқаев Lotte басшысымен кездесті: Қазақстанда жаңа қонақүйлер салынады 10:31
- ҚМА алаяқтардың Агенттік атынан жалған хат таратып жүргенін ескертті 10:18