29 Қазан 2024 2024, 17:16 Фото: -архив

Жетісу облысында есірткі зертханасын құрған екі азамат сотталды

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК Департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК Департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.

Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткі заттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.).

Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.