Жетісу облысында дүкен өртенді

Жетісу облысында өрт сөндірушілер дүкендегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жаркент қаласында Н. Головадский көшесі бойындағы дүкендердің бірінде жертөле төбесінің жануы орын алды. Отпен күресуге жіберілген өрт сөндіру есептобының жедел әрекеттерінің арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД күшімен қауіпсіз жерге көлемі 50 және 25 литрлік 2 тұрмыстық газ баллоны шығарылды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы