Жетісу облысында деструктивті діни ағымның өкілі есірткімен ұсталды
Жетісу облысының полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.
Ер адамның деструктив діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 келі 722 грамм марихуана екенін көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда үй жануарларына микрочип салуға екі миллион теңгеден астам қаржы жұмсалады
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы