Жетісу облысында білім бөлімінің үш бухгалтері 34 млн теңге жымқырған

Кербұлақ ауданы прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударғанын анықтады. Келтірілген шығын 34 млн теңге болды.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы