Жетісу облысында әскери оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты
23 қыркүйекте Жетісу гарнизонында әскери дайындық сабақтары кезінде десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет етіп жүрген сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әскери дайындық сабақтары кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы салдарынан Жетісу гарнизонының сарбазына оқ тиіп, қаза тапқан.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Лауазымды тұлғалардың салғырттығы мен бақылаусыздығы анықталса, кінәлілер ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Оқиға Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы