Жетісу облысында 7 кәсіпкер заңсыз тексеріліп, оларға айыппұл салынған

Жетісу облысының прокурорлары дәріхана иелері –кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысының полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты тексеру жүргізуге мораторий жарияланғанына қарамастан, тиісті актіні енгізбей, Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының 7 дәріханасын тексерген.

Өз әрекеттерінің заңсыздығына қарамай, полиция аталған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы материалдар жинаған (дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату) және фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша іс-қимылдардың заңсыздығын ескере отырып, тексеру іс-шаралары заңсыз, ал олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды.

Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бас прокуротура
Өзгелердің жаңалығы