13 Қаңтар 2024 2024, 23:47
Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі болды
2024 жылдың 13 қаңтарында Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылдың 13 қаңтарында Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде, Жетісу аймағында, Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде, Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл, -делінген хабарламада.