Жетісу облысында 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

"Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА және "Қорғас" ШЫХО аумағында 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы  Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің айтуынша, бұл жобалар 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

2027 жылдың соңына дейін 9 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 1,1 трлн теңгеге тағы 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, – деді өңір басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда.

"Достық” станциясында қуаттылығы жылына 350 мың контейнер болатын "Dostyk Trans Terminal" көпфункционалды жүк тасымалдау терминалының 3-ші және 4-ші кезеңінің құрылысы жүргізілуде, - деді әкім.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы