Жетісу облысында 19 ауланы су басты

Жетісу облысында Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің 19 аула аумағын су басқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында егістіктерден қардың қарқынды еруінен Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің алдын ала ақпарат бойынша 19 аула аумағын су басқан.

ТЖД және ЖАО шамамен 60 адамы, 20-ға жуық техникасы үйінді бөгенін орнату бойынша жұмыстар жүргізуде, 300 метр бөген тұрғызылды. Аула учаскелерінен еріген қар суын сорып алу жүргізілуде, 640 текше метр су сорылды. Жұмыстар жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы