Жетісу облысында 18 ветеринариялық пункттер ашу жоспарлаған

Жетісу облысында өткен жылы 5 модулді ветеринариялық пункттер қолданысқа берілді, ағымдағы жылы тағы 18 пункт ашу көзделуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ветеринария мамандарының жұмысын оңтайландыру мақсатында «VET-MOBILE» мобильді қосымшасын қосу және арнайы авто көліктермен жабдықтау шаралары іске асырылуда.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімет бойынша, өңірде мал шаруашылығын қолдауға 2023 жылы 6,6 млрд. теңге субсидия бөлініп, 5,4 млрд. теңгесі игерілді. Қосымша 5,9 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастыруға тиісті өтінімі жолданды. Жыл басынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жеңілдетілген несиемен 2,2 млрд. теңгеге 10,8 мың бас мал сатып алынды, оның ішінде ірі қара мал – 2,3 мың бас, жылқы – 2,3 мың бас, ұсақ мал – 6,1 мың бас, түйе – 19 бас.

Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жұртшылықтың малын қоғамдық жайылымдармен қамту жұмысы ерекше бақылауға алынған. Облыс бойынша қоғамдық жайылымға 719,4 мың гектар жер бекітілді және бүгінгі күнге бар қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында 688 мың гектарды қосымша бекіту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылы мал қыстату науқанына азықтың қажеттілігі 1 млн. 985 мың тонна, қосымша қорды ескеріп 2 млн 205 мың тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр (шөп – 1271 мың тонна, пішіндеме – 117,3 мың тонна, сүрлем – 204 мың тонн, сабан – 300 мың тонна, жем – 313,1 мың тонна).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жетісу облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы