Жетісу облысы жаппай жарықсыз қалды

2025 жылғы 1 тамыз күні сағат 14:00-ден бастап өңір аумағында ауқымды электр қуатының ажырауы тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Талдықорған көлік-электр желілік компаниясының мәліметінше, жарық Талдықорған қаласында және облыстың басқа да елді мекендерінде жоқ.

Электр энергиясының өшуіне байланысты жолдардағы бағдаршамдар да жұмыс істемей тұр. Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша жарық әлі берілген жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Ресми қызметтер жағдайдың мән-жайын анықтап, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы