"Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институтының Директорлар кеңесінің шешімімен Қожасбаев Руслан Сәдуақасұлы "Жетісу" ӘКК" ӨДИ" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін Басқарма төрағасы болған Талғат Малыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды,  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымына жаңа басшыны Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров таныстырды.

Өздеріңізге мәлім, Руслан Сәдуақасұлы бірнеше жыл бойы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму
басқармасының басшысы болды, талай қызметте істеді. Бүгінгі таңда корпорация алдында жауапты міндеттер тұр. Бұл – Ақсу қант зауытын іске қосу, өзге де көптеген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. ӘКК жұмысы жолға қойылған, енді одан әрі дамыту қажет. Еңбекте табыс тілеймін, - деді Серікжан Бескемпіров. Жаңа басшының осыған дейін корпорация жұмысына жетекшілік еткендіктен, оның қызметімен жақсы таныс екені атап өтілді.
Өз кезегінде Руслан Қожасбаев Алматы облысының басшылығына сенім көрсеткені үшін алғысын білдірді.

ӘКК агроөнеркәсіптік кешен саласында маңызды жобаларды жүргізеді, басым мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып келеді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады. Өңір басшылығына сенім артқаны үшін алғыс айтқым келеді. Барлық қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалады, - деді ӘКК басшысы.
Руслан Қожасбаев 1976 жылы Алматы облысының Сарқан ауданында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша заңгер.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласының бизнес-құрылымдарында бастаған. 1999-2004 жылдары Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының қаржы полициясы органдарында жұмыс істеді. Әр жылдары түрлі компанияларда күрделі құрылыс департаментінің директоры, инвестициялық жобалар департаментінің директоры, бас менеджер қызметтерін атқарды. "Парасат Холдинг" АҚ вице-президенті, «Энерго-Инжиринг» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болды. 2018 жылдың мамыры мен 2020 жылдың мамыры аралығында Алматы облысының Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы