Жетісу көшелерінің бірінде ер адамның денесі табылды

Жетісу облысында полиция ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған факт Жаркент қаласында тіркелді. 

Онда бүгін таңертең көшелердің бірінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. 

Ер адамның басында жануар жарақаттаған болуы мүмкін жырымдалған жаралар бар. Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит анықталып, оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. 

Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны қазір анықталып жатыр. Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы